20 қыр, 2022 сағат 13:57

Серік Әшіров Премьер-министрдің хаттама жетекшісі болып тағайындалды


Серік Әшіров Премьер-министр хаттамасының меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Премьер-министрдің өкімімен Серік Кеңесұлы Әшіров Премьер-министр хаттамасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Серік Әшіров 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.