Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Әділет, Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері, басқа комитеттердің депутаттары мен Сенат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Комитет төрағасы Ольга Перепечинаның айтуынша, құжатты ратификациялау банк, сақтандыру секторларында, бағалы қағаздар көрсетілетін қызметтердің лицензияларын өзара тануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кемсітушіліксіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов осы заң жобасын қабылдаудағы негізгі бағыттарды белгіледі.
«Заңды жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді. Жеке тұлғалар үшін қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға, ал кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет үшін әкімшілік кедергілерді азайтып, отандық қызмет берушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру әлеуметтік-экономикалық оң ықпал етеді», - деді ол.
Құжат Палата қарауына жіберілді.