24 қыр, 2020 сағат 11:30

Сенатор: «Кибербуллингтің құрбаны кез келген адам болуы мүмкін»

Сенатта кибербулинг мәселесі көтеріліп жатыр. Аталған мәселені көтерген Парламент сенатының бір топ депутаттары үкімет басшысының атына сауал жолдады. Олардың пікірінше,  қазіргі пандемия жағдайында Қазақстанда осы мәселенің өзектілігі арта түскен, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Қазір пандемияға байланысты, бұған дейін интернетпен аса жұмыс істей қоймаған қазақстандықтар «буллинг», «моббинг», «хейзинг», «кибермоббинг», «кибербуллинг» сияқты лексиконды жиі пайдалана бастады. Осы орайда сенатор Нариман Төреғалиев бұл терминдер ағылшын тілінен аударғанда «әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлер арқылы адамды қорлау, қорқыту, қудалау мен мазақтау» деген мағынаны білдіреді деп дабыл қақты.

«Бір сөзбен айтқанда, бұл – адамды интернетте, оның ішінде әлеуметтік желіде қорлау. Кибербуллингтің құрбаны кез келген адам болуы мүмкін. Алайда, зардап шеккендердің негізгі жасы 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер. Демек, еліміздегі жасөспірімдердің 12 пайызға жуығы осы кибербуллингің зардабын тартқандар», – деді сенатор Нариман Төреғалиев.

Елдегі жағдайға байланысты барлық білім алушылар қашықтан оқып жатқандықтан бұл мәселе өзекті болып отыр. Өйткені онлайн оқуға байланысты білім алушылар интернетте көп уақыт отырады. Осындайда кибербулингтің қаупі күшейе түседі.

Зерттеулерге сәйкес, кибербуллингпен көп жағдайда педофилдер мен психикалық ауытқулары бар адамдар айналысады. Олар жалған аккаунттар ашып, бүлдіршіндердің сеніміне кіріп, алғашында достық қарым-қатынас орната отырып жеке ақпараттарына қол жеткізеді. Сонан соң психологиялық манипуляция жасай отырып, ой-санасын улайды.

«Әдетте, мұндай қылмыстар, қарапайым виртуалды достық хат алмасулардан басталып, қорқытумен өз-өзіне қол жұмсауға дейін алып келеді. Осы орайда сенатор халық ішінде «Көк кит», «Тыныш  үй», «Қызыл жапалақ», «Мені сағат 04:20-да оят» және тағы басқа адам өміріне қауіпті ойындардың қазақ тілінде пайда бола бастағанына аладаушылықтың бар. Мысалы, Арыс қаласында «Вконтакте»  әлеуметтік желісі және «Telegram»  мессенджері арқылы балаларды суицидтік сипаттағы ойындарға тартқан бір адам анықталды», - дейді сенатор.

Айта кетейік, әлемдік жағдайда кибербулингпен айналысқан адамджар заң алдында жауап береді. Мысалы, Германияда кибербуллинг ұйымдастырған азаматтар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Бұл бағытта әлемде көптеген елдер, интернет-платформалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, заңнама бойынша жұмыс істеу және балаларды, олардың ата-аналарын кибербуллингтен қорғау мақсатында тиісті заңдарды қабылдауда.

Осы орайда, сенаторлар буллинг пен кибербуллингке тосқауыл қою үшін интернеттегі парақшалар мен мессенджерлердегі топтарға мониторингті күшейту, мектептер мен оқу орындарында «Кибербуллингтың зардаптары» тақырыбындағы тәрбие сағаттарын өткізу, арнайы мамандарды дайындау, мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, информатика пәніне кибербуллингке қарсы қосымша сабақтар енгізу, балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін ұлттық жоба әзірлеу, буллинг үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту сияқты бірқатар шараларды қолға алуды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Сенатта кибербулинг мәселесі көтеріліп жатыр. Аталған мәселені көтерген Парламент сенатының бір топ депутаттары үкімет басшысының атына сауал жолдады. Олардың пікірінше,  қазіргі пандемия жағдайында Қазақстанда осы мәселенің өзектілігі арта түскен.