Tengrinews.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы сайлауда бірнеше партия Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Президентті Amanat та, басқа партиялар да қолдайды деп ойлаймын. Президентіміз қай партия атынан шығатыны туралы шешім қабылданып жатыр. Бұл президенттің құзіреті, күту керек. Жақында барлығы белгілі болады. Бұл мәселе алдағы аптада Amanat съезінде қаралады", - деді Әшімбаев Сенат отырысында.
Amanat партиясы Тоқаевтан басқа ешкімді қолдауды жоспарлап отырмағанын түсіндірді.