13 мам, 2017 сағат 11:22

Сенат сайлауы. ЖОО проректорлары депутаттыққа ұмтылуда

Жазғы демалыстың уақыты жақындап келеді. Ал жергілікті сайлау комиссиялары қызу жұмысқа кірісіп кетті. Жақында Сенат депутаттарының сайлауы өтеді. 31 тамыз күні 2011 жылы сайланған сенаторлардың өкілеттік мерзімі аяқталады. Осылайша, 28 маусым күні еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының жоғарғы палатасына әр өңірден бір депутат сайланады. ҚазАқпарат агенттігі депутаттыққа кандидаттар бойынша шолуды ұсынды.  Атап өткен жөн, олардың саны әлі нақтылана қойған жоқ, себебі кандидаттарды ұсыну 28 мамырға дейін жалғасады. Ал кандидаттарды тіркеу 7 маусымға дейін жүргізіледі.

Үш шығысқазақстандық Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттыққа үміткер куәлігін алды. 10 мамырға дейін барлығы төрт адам Шығыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясына өтінім берген.

Шығысқазақстандық сайлаушылар биыл өкілеттік мерзімі аяқталатын Талғат Абайділдиннің орнына жаңа сенаторды сайлауы қажет. Әзірге төрт адам өз кандидатураларын ұсынып үлгерді, олар: ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы Әкімғазы Баймолдинов, Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Димитрий Гариков және Глубокое ауданындағы шаруашылық қожалығының басшысы Людмила Цыбенко.

ШҚО облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің хабарлауынша, Сенат депутаттығына сайланғысы келетін өңірдің төрт тұрғынынан өтінім келіп түскен. Ұсынылған тұлғалардың Конституция талаптары мен Қазақстан заңнамаларына сәйкестігін тексеріп, барлық қажетті құжаттарды алған соң комиссия мүшелері үш адамды - Мусин, Баймолдинов және Гариковты депутаттыққа үміткер ретінде тіркеді.

5 мамыр күні Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс 12-ші сессиясында ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидат ұсыну мәселесі қаралды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсенбаевты ұсыну туралы шешім бірауыздан қабылданды.

Сенаттағы депутаттық мерзімін аяқтайтындар арасында Атырау облысының халық қалаулысы Қайрат Ищанов бар.

Қарағанды облысынан Парламент Сенатының орынтағына үш кандидат үміткер атанды.  Қарағанды облысындағы сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, облыстық мәслихат хатшысы Рысқали Әбдікеров кандидат ретінде тіркелген. Екінші үміткер - облыстық ҰОС ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығының директоры Ильгизар Ахмадишин. Үшінші үміткер - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры.

«Кандидат ретінде тіркелгісі келгендер аз емес. Олар 7 маусымға дейін өз мүмкіндіктерін сынап көре алады», - деп еске салды облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Баталова.

Ақтөбе облысынан Парламент Сенатына депутаттыққа «Ақтөбе ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мамырғали Аққағазов және Ақтөбе облысы бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры, 1975 жылы туған Әділбек Ділжанов өз қандидатураларын  ұсынды.

Ал Ойыл, Қобда және Хромтау аудандық мәслихаттары облыс әкімінің орынбасары, 1956 жылы туған Мұхтар Жұмағазиевті ұсынды.

Маңғыстау облысында Сенат депутатына кандидаттыққа әзірге 5 адам ұсынылды. 

«Олар - Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы міндетін атқарушы, 1957 жылы туған Халила Нұрғалиева, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы 1981 жылы туған Аманғали Нұрдәулетов, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 1967 жылы туған Нури Тумышев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры, 1971 жылы туған Дәулетжан Хасанов», - деп баяндады Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали.

Сондай-ақ, үміткерлер арасында Сенат депутаты, 1959 жылы туған Бақтыбай Шелпеков бар.

«Соңғы кандидатты Бейнеу және Қарақия аудандарының мәслихаттары ұсынды», - деп толықтырды ол. Барлық кандидаттар Ақтау қаласында тұрады және «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады.

Павлодар облысынан Лебяжі ауданының өнер мектебінің директоры 1954 жылы туған Қанат Әлтаев, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Қабжан Еділбай, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 1962 жылы туған Қайрат Нұрмағамбетов сенатор болуға бел буып отыр. Сондай-ақ, тізімде ҰҚК қызметкері, 1957 жылы туған Нұржан Нұрсипатов бар.

Батыс Қазақстан облысында әзірге 3 үміткер бар. БҚО сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкиннің айтуынша, олар - Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев, «Автокомбинат»  ЖШС директоры Валерий Голоухов және Орал қаласы Құрманғазы атындағы музыкалық колледждің директоры Нұржан Сертеков.

Оңтүстік Қазақстан облысында 5 адам сайлауға түсуге өтінім берген. Бұл қалалық мәслихат хатшысы, 1970 жылы туған Амантай Байтанаев, «Стандарт Цемент» ЖШС бас инженері, 1966 жылы туған Сейітжаппар Есжанов, Қазығұрт аудандық мәслихатының хатшысы, 1959 жылы туған Өрісбай Көпеев және «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев пен облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан.

Жамбыл облысында «Тараз» футбол клубының директоры Махамбет Дүйсембаев, облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, қайта даярлау және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру орталығының директоры Дүйсенбек Әбдірайымов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Асқар Әбдуалы және «ҚТЖ ҰК Луговой рельстік-дәнекерлеу кәсіпорны» АҚ филиалының директоры Қайрат Терлікбаев депутаттыққа үміткер атанды.

Қостанай облысындағы сайлауға аграрлық мәселелер, табиғатты қолдану және ауыл аумақтарын дамыту комитетінің хатшысы Жеңіс Нұрғалиев қатысады.    

Одан бөлек, Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті экономика және құқық ҒЗИ директоры Сергей Жалыбин, Қостанай облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов, «Атамекен-Дос» ЖШС директоры Асқар Жабаев, А.БАйтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс бойынша проректоры Жеңіс Жарылғасов халық қалаулылары болуға ниет білдірді.

Алматы қаласында Қазақ қыздар мемлекеттік университетінің ректоры Динар Нүкетаева, «Элитстрой Алматы» ЖШС бас директоры Алексей  Балаганский, «Stamp services» ЖШС бас директоры Бекзат Шуақов, «Концерн Bakarassov» ЖШС бас директоры Елена Бакарасова, «Алматыинжстрой» АҚ бас директоры Асхат Шілікбаев үміткер болып тіркелген.

Астанада 3 үміткер бар. Олар - «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 1964 жылы туған Еділ Мамытбеков, «»Астана кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, 1956 жылы туған Надежда Мерва, Астана қаласы әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Дамир Нұрпейісов.

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа 4 адам өз кандидатурасын ұсынды. Олар - «Солтүстік» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Есжан Оразалин, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев, «Вишневское» ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Павел Рафальский, «Заградовское» ЖШС директоры, Нұр Отан» партиясының мүшесі Иван Фисенко.  

Қызылорда облысынан ҚР Сенатының қазіргі шақыртылымының депутаты, 1957 жылы туған Мұрат Бақтиярұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі, 1971 жылы туған Ақмарал Әлназарова және Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы, 1969 жылы туған Ержан Әжікенов тіркелді.

Ақмола облысында облыс әкімінің бірінші орынбасары, 1956 жылы туған Дәурен Әділбеков, «Есіл» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 1986 жылы туған Дамир Досхожин, Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссия төрағасы, 1978 жылы туған Мереке Мұстафин сайлауға түсуге ниетті. Сонымен бірге, тізімде қалалық емхананың бас дәрігері, 1964 жылы туған Ғалия Сабатаева, «Самұрық-Жер қойнауы» ЖШС басшысы, 1983 жылы туған Александр Тесля бар.

Алматы облысында Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, 1982 жылы туған Қанат Есдәулетов, Ескелді ауданының әкімі, 1971 жылы туған Нұрлан Қылышбаев және Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 1977 жылы туған Еркебұлан Өмірзақов сайлауға түсуге өтінім берген.