22 қыр, 2022 сағат 12:14

Сенат Республика күнін қайтаруды қолдады


Сенат депутаттары Республика күнін қайтару туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында мемлекеттік мерекелер тізіміне өзгеріс енгізіледі. Оған сәйкес, 25 қазан ресми түрде ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленеді.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылды. Бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы бар өзге күндер секілді аталып өтеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалмайды.

Ал 28 қазанда ресми түрде демалыс болады. Республика бойынша мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Ал 16 желтоқсан еске алу күніне айналады.

Айта кетері, 2009 жылы бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні ресми мерекелер тізімінен шығарылған болатын. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың отырысында бұрынғы мерекені қайтару қажеттігін мәлімдеді. Себебі дәл сол күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.

Республика күнін қайтару туралы заңға Президент қол қоюы керек. Осыдан кейін құжат заңды күшіне енеді.