Бүгін Сенаттың тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Парламенттің жоғары палатасының отырысында тұрақты комитеттердің төрағалары сайланды.
Сенатор Владимир Волков Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып сайланды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.
Серік Жақсыбеков Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып сайланды.
Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды.
Әли Бектаев Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып сайланды.