09 жел, 2019 сағат 20:10

Сенат: Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды

Парламент Сенатында депутаттар Әлімжан Құртаев, Михаил Бортник, Ерік Сұлтанов және Арменияның Қазақстандағы елшісі Гагик Галачянның кездесуі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесуде екі жақты қатынастарды дамытудың, атап айтқанда көлік-логистика бағдары мен кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты ауқымды мәселелер қаралды.

Қазақстаннан Арменияға бағалы металдарды уақытша әкетуді заңнамалық реттеу тақырыбы бөлек қаралды.

Тараптар сондай-ақ 2020 жылы өтетін Қазақстан-Армян бизнес-форумын өткізуді де талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған мәселелер бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева 14 қарашада Арменияға ресми сапармен барған болатын, онда Қазақстан мен Арменияның экономикалық және гуманитарлық салалардағы қатынастарын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.