07 жел, 2021 сағат 10:58

Семейдегі көлік базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды


Семей қаласында көлік базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіттің табылуы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 001-бабы 1-бөлігіне (кісі өлімі) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

«Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.