Семей қаласында жол апатынан 3 адам жарақат алып, 1 жасар нәресте қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 16 тамыз күні сағат 11.00 шамасында болған.
«Lada автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі басты жолға шыға бергенде жүк көлігіне жол бермей қойған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам жарақат алып, 1 жасар нәресте оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.