Фото: Абай облысы әкімдігі
Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтереді, деп хабарлайды Ult.kz.
Жоба аясында жастар сарайы, Жекпе-жек сарайы, ғалымдар үйі, медиаорталық, көрме орталығы, Достық үйі, инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақша, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланған.
Сондай-ақ, Семейде заманауи «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығының және «PANA» қонақ үй кешенінің құрылысы басталады. Жаңа ықшамауданда салынатын футбол стадионы 12 мыңдық емес 20-22 мыңдық болады деп жоспарланған.