12 жел, 2020 сағат 12:13

Семейде терроризмге қарсы қорғаныс талаптарын бұзған мектеп директорына айыппұл салынды

Семей қаласында терроризмге қарсы қорғаныс талаптарын бұзған мектеп директорына айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары үнемі террористік тұрғыдан осал келетін нысандарға тексеру жүргізеді. Кезекті тексеру барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Семей қаласындағы мектептердің бірінен өрескел ереже бұзушылықтарды анықтаған. 

«Терроризмге қарсы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін мектеп директорына Семей қалалық әкімшілік сотының шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК көлемінде (277 мың 800 теңге) айыппұл салынды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. 

Сонымен қатар оған анықталған кемшліктерді жою үшін 30 күн уақыт берілді.