08 қаң, 2025 сағат 15:31

Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шығарылды


Фото: Stan.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шырша безендіру құлаған мұғалім ауруханадан шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz  Stan.kz -ке сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, бұл жағдай толығымен әкімдіктің және өзінің бақылауында екен. 

"Ол емделіп, қайта қалпына келуі керек. Қажетті шұғыл шаралар қабылданды. Кінәлілер жазаланды, бұл барлығына сабақ болуы керек. Әкімдік мұны өндірістік жарақат деп тани ма, танымай ма тергеу аяқталған соң шешіледі", - деді министр.

Ал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың сөзінше, азамат ресми түрде жұмысқа қабылданған болса, онда ол өндірістік жарақат деп танылады. 

Еске салайық, 21 желтоқсанда Семейде шыршаны әрлеу кезінде мұғалім әрі жазушы Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алған еді. Бұл жағдайдан кейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті.