13 там, 2021 сағат 18:34

Семейде шұңқырға құлаған жылқы құтқарылды


Семей қаласында құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен жылқыны алып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 13 тамызда түнгі сағат 03.00 шамасында болған.

«Семейдегі Восточный кентінде жылқы шұңқырға құлап кеткен. Жануарға көмек көрсету үшін оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Құтқарушылар жылқыны байлап, манипулятордың көмегімен алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына өз жануарларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.