Семей тұрғыны мектеп мұғалімдері сабақ өткізудің орнына сенбілікте қала көшелерін тазалап жүргенін суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол суреттерді басылым редакциясына жіберіп, 16 қазанда мұғалімдер сенбілікке шыққандықтан, баласының сабақтары болмағанын айтқан. Бұл жағдай ата-ананың ашуына тиген.
"Бүгін сабақ болмады. Мұғалімдерді сенбілікке жіберген екен. Жұмысқа бара жатқанда, "Пестель" аялдамасының жанындағы Шәкәрім даңғылын сыпырып жатқанын көрдім. Сабақ өткізудің орнына, неге сенбілікке жіберген? Бізде коммуналдық қызмет не үшін?
Мектепте сабақ өткізбей, мұғалімдерді көше тазалауға жіберу - шектен шығу. Әркім өз ісімен айналысуы керек. Былтыр пандемияға байланысты дұрыс оқымады. Енді мұғалімдер соның орнын толтыруы керек", - деп жазды ата-ана.