Семей қаласында қашықтан оқыту үшін оқушыларға роутер таратылуда, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Семей қаласының мектептері қашықтан оқыту құралымен толық қамтылған. Техникалық құрылғысы жоқ отбасылар үшін білім ордаларының резервінен 350 компьютер мен ноутбук берілді. Сондай-ақ білім бөлімі сатып алған роутер де таратылып жатыр.
«Қашықтан оқу балаларды тәртіпке үйретеді. Үй тапсырмасын орындаған кезде ата-аналарға баланың қасында отырудың қажеті жоқ. Тек тапсырмаларды порталға жүктеуге ғана көмектескен жөн. Ал үй тапсырмасын бала өзі жасау керек. Егер қандай да бір сұрақ туындаса, мұғалімдерге хабарласуға болады. Сабақ кестесі бекітілмегендіктен ол тапсырманы қашан орындайтынын өзі шешеді», - деп түсіндірді қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.
Сондай-ақ осы жылы оқушылар төртінші тоқсаннан кейін келесі сыныпқа өту үшін емтихан тапсырмайды. Олардың үлгерімі жылдық баға бойынша қорытындыланбақ.