26 шіл, 2021 сағат 12:31

Семейде 7 көлік соқтығысты


Семей қаласында 7 көлік соқтығысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Тұрлыханов көшесінде болған. 

«Toyota» автокөлігін тізгіндеп келе жатқан ер адам жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберіп, тура сондай маркалы басқа көлікке соқтығысты. Сондай-ақ осының салдарынан ВАЗ, Lada, Foton, Mercedes, Toyota көліктері жол апатына ұшыраған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Көлік иелеріне материалдық шығын келтірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Қазіргі уақытта оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.