20 қар, 2024 сағат 17:44

Семейде 32 жастағы мұғалім 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Pexels.com

Семейде алғашқы әскери дайындық пәнінің тәлімгері 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ult.kz 31 арнаға сілтеме жасап. 

Мұғалім қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалімнің онда жұмыс істеп жүргеніне екі жыл болған. Әріптестері оның тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Ал жәбірленуші қыз 8-сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар. 

"Ол мұғалім 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазір құзырлы органдар тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында", – деді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев.