
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Биназаров Бейбит Бақытбекұлы, Аликулова Ирода Файзуллақызы, Юсупов Абдирасул Маткаримович, Усюпбеков Азамат Хамитбекович Қарасу ауылдық округінде болып «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы қысқаша түсіндірілді.
Бұл тұста Б.Биназаров «Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді жедел шешуге, халықтың әл-ауқатымен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған және ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған. Олар: экономикалық тұрақты, тұрғындар үшін өмір сүруге ыңғайлы, әлеуметтік қызметке бағдарланған, жастарын қарқынды қолдайтың, тарихы мен мәдениеті дамыған және ашық есеп беретін жергілікті органдары қалыптасқан әрі қәуіпсіз аудан құру» - деді.

Сондай-ақ, А.Юсупов «Nur Otan» партиясы біздің ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. «Ауыл ел бесігі» партиялық жобаларын жалғастыра отырып ауылдық округтерді, шалғай елді мекендерді табиғи газбен, таза ауыз сумен, инфрақұрылымын жақсартуды жоспарда екендігін айтты.
Өз кезегінде А.Усюпбеков Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жоспарларға тоқталды.

И.Аликулова тұрғындармен кездесу барысында алдағы келе жатқан саяси науқанның ауданымыз үшін, мемлекетіміз даму үшін, маңыздылығын тілге тиек ете отырып, ұзақ жылдан бері халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Түркістан облысы, Сайрам аудандық «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.
