15 ақп, 2019 сағат 12:52

Сайрагүл Сауытбай: Абзал Құспанның адвокаттығынан бас тартамын (Видео)

Сайрагүл Сауытбай Абзал Құспанның адвокаттығынан бас тартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Бұл туралы әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді. 

"Мен Абзал Құспанның адвокаттығынан бас тартамын. Сенім хаттың күші жойылды деп санаңыздар. Менің атымнан ешқандай әрекеттер жасамауын сұраймын. Мен өз ыңғайыма келетін әйел адвокат менің құқығымды қорғағанын қалаймын. Менің атымнан жүретін адвокат тек Айман Омарова деп санауларыңызды сұраймын. Мен тек соған ғана сенемін. Осы видео арқылы мен барлық қоғамдық ұйымдарға, елшіліктерге, сот пен ҰҚК айтарым осы. Мені мәжбүрлеп басқа адвокат ұсынуларыңыздың қажеті жоқ. Мен тек Айман Омарованың қорғауында ғана болғанды қалаймын", дейді Сайрагүл Сауытбай.

Айта кетсек, Абзал Құспан осыдан біраз уақыт бұрын өзінің фейсбук парақшасында "Сайрагүл өзі менен бас тартпаса, мен оны қорғаудан бас тартпаймын" деп жазған болатын