
Алматыда сайлау учаскелерінде БАҚ өкілдеріне ПТР талдауы қажет емес. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«БАҚ өкілдеріне ПТР тестілеуден өту міндеттелмейді. Себебі олар сайлау учаскелерінде тәулік бойы жүрмейді. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар, бақылаушылар комиссиясының мүшелері, жұмыскерлер ПТР талдауын тапсыруға міндетті», - деді Бекшин.
