Маңғыстауда ауыл әкімдігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Исахан Сағынбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, 10 шілде күні 39 кандидаттың құжаттары тексерілді. Оның ішінде 34 үміткердің құжаттарының заңнамаға сәйкестігі анықталды.
39 кандидаттың арасында 1 әйел адам қатысып отыр.
«Кандидаттардың орташа жасы - 38 жас, ең жасы - 25 жаста, ең үлкені - 60 жаста. 13 үміткер сайлау өтетін ауыл округінде тұрады, 20 үміткер сайлау өтетін ауданда тұрады, 6 үміткер басқа аудандарда тұрады», - деді Исахан Сағынбаев.
Барлығы 39 кандидат ұсынылды. Оның 17-сі саяси партиялардан, 22-сі өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсеке - бір орынға 4 адамнан.
Саяси партиялар 10 округ бойынша өз кандидаттарын ұсынды:
«Нұр Отан» партиясынан - 8 үміткер
«Ақ жол» партиясынан - 2 кандидат
«АДАЛ» партиясынан - 3 кандидат
Қазақстан халық партиясынан - 3 кандидат
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан - 1 кандидат.
Өңірде 25 шілде күні ауылдардың, ауылдық округтердің әкімін сайлау 7 ауданның төртеуінде жоспарланған.
