
10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты, сондай-ақ Алматының «сары аймақта» тұрғанын ескере отырып, мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтарының денсаулығын қамтамасыз ету, сондай-ақ індет жұқтырудың алдын алу үшін барлық шаралар қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Барлық учаскеде сайлауда дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу алгоритмі пысықталды.
Сайлау учаскелері бойынша негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар:
- әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін дауыс беру бөлмесі жеткілікті мөлшерде кең болуы тиіс;
- ғимаратқа кіре берісте және сайлау учаскесінің үй-жайында КВИ-дың алдын алу бойынша ақпарат орналастырылады;
- сайлау учаскесінің аумағында және дауыс беруге арналған үй-жайда сайлаушылар легінің бағытын көрсететін белгілер орналастыру, 1,5-2 метр қашықтықты белгілеу;
- дауыс беруге арналған үй-жайда қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құралы бар санитайзерлерді орнату;
- қажеттілігіне қарай дауыс беруге арналған кабиналарға санитарлық өңдеу жүргізу;
- дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, ғимаратқа үнемі ылғалды тазалық жүргізу. Бұл ретте есік тұтқаларын, таяныштарды, дауыс беруге арналған кабиналарды, үстелдер мен орындықтардың жанасу беттерін, кеңсе техникасын, дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді дезинфекциялауға ерекше назар аудару қажет;
- дауыс беруге арналған ғимараттың кіреберісінде және одан шығатын жерде пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинау және оларды одан әрі кәдеге жарату үшін контейнерлер орнату.
Эпидемиологтардың айтуынша, дауыс беру алдында және күні бойы бөлмені желдетіледі.
Өз кезегінде, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің № 69 Қаулысына сәйкес, жасырын дауыс беру үшін алдыңғы пердесі жоқ кабиналарды пайдалану қарастырылған. Бұл талап сайлау өткізу жөніндегі заңнамаға қайшы келмейді және 2020 жылдың тамызында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезінде де қолданылды. Бұл шара ауаның табиғи айналымына ықпал етеді және инфекцияның таралуын болдырмау үшін қосымша желдетуді қамтамасыз етеді.
«Сайлау процесіне қатысушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын шектеу шараларына түсіністікпен қарауға және өздері мен жақындары үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Сондай - ақ, саяси партиялардың өкілдеріне барлық талаптарды қатаң және бұлжытпай орындауға және олардың сақталуына жауапты тұлғаларды тағайындауға шақырамыз», - дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлау комиссияларының барлық мүшелері дауыс беруге арналған ғимараттан тыс жерде азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыруға арналған бетперделермен, қорғаныш экрандарымен, қолғаптармен, санитайзерлермен, қорғаныш халаттарымен қамтамасыз етілген.
Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында сайлау комиссияларының барлық мүшелері, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.
Әрбір зертхана интеграция арқылы ақпараттық жүйеге тестілеуден өткен барлық адамдар үшін мәртебе беретіндігін атап өткен жөн, егер тест оң нәтиже көрсетсе, ол жеке деректер базасында тіркеледі.
Көрсетілген жүйеде ЖСН бойынша тексеруге Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау органы қол жеткізе алады, олар ПТР-тестілердің ұсынылған нәтижелерінің дұрыстығын тексере алады.
