
Қарағанды қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, 97 жастағы Бүркіт Есжанов Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлауға қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Көгілдір тоғандар» шағын ауданындағы 77 ЖОББМ №169 сайлау учаскесіне ол таңғы сағат 7-де жұбайымен бірге келді.
Ардагердің айтуынша, учаске барлық қажетті заттармен жабдықталған, санитарлық талаптар сақталған және дауыс беру үшін ыңғайлы жағдай жасалған.
«Сайлау – біздің болашағымызға, халықтың өркендеуіне жол ашатын қадам. Сондықтан, өзіміз таңдаған партияға дауыс бердік. Мен сайлауға әйеліммен келдім. Бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймын», - деп атап өтті ақсақал Бүркіт Есжанов.

Қарағанды облысындағы барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне және санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталды.

