15 мау, 2022 сағат 11:20

Саясат Нұрбектің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Саясат Нұрбектің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты С.Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов. 

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.