Бүгін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысы аясында рәсімделген құжатта ішкі және сыртқы сауданы дамыту, отандық өндірушілердің өнімдерін ілгерілету мен шикізаттық емес экспортты өткізу нарықтарын кеңейту, Еуразиялық экономикалық одақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы және үшінші елдермен сауда жасау шегінде өзара іс-қимылды нығайту көзделген.
Меморандумда статистикалық деректерді қоса алғанда сауда қызметі мәселелері бойынша ақпарат алмасу, Қазақстанға қатысты ДСҰ мен ЕАЭО мүшелерінің бұзушылық фактілері, сыртқы нарықта отандық кәсіпкерлерге кедергілер мен шектеулер туралы ақпаратпен алмасу қарастырылған.
«Бұл құжат отандық бизнес мүддесінде сауданы дамыту бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен өзара жемісті жұмыс істеудің негізі болатынына сенімдіміз», - деді «Атамекен» ҰКП Абылай Мырзахметов.