28 нау, 2021 сағат 16:40

Сауд Арабиясында көгалдандыру бағдарламасы аясында 10 млрд түп көшет егіледі

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Сальман Аль Сауд сенбіде жаһандық климаттық өзгерістерге қарсы екі ірі бастама жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Akhbar Al Saudiya жаңалықтар порталы хабарлағандай, тақ мұрагері корольдіктің көгалдандыру бағдарламасын мақұлдады, оның аясында алдағы онжылдықтар ішінде 10 миллиард көшет егіледі. 

Сонымен қатар, мұрагер ханзада «Араб бауырларының көмегімен» «Жасыл Таяу Шығыс» бағдарламасын іске қосуға ниетті, ол бүкіл аймаққа 40 миллиард ағаш отырғызуды көздейді. 

«Әлемдегі жетекші мұнай өндіруші ретінде біздің корольдік климат өзгеруінің салдарымен күресудегі жауапкершілікті сезінеді, жасыл әлем құру жолында жаһандық көшбасшы болуға тырысады», - деді Мұхаммед бен Сальман. 

Мұхаммед бен Сальман атап өткендей, Сауд Арабиясы Корольдігі басқа елдермен «планетаны қорғайтын жасыл жол картасын жасауда» өзара әрекеттеседі. Ол 2016 жылы қабылданған «Сауд Арабиясының көзқарасы: 2030» стратегиялық бағдарламасын іске асыру азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.