06 там, 2016 сағат 09:18

Сауд Арабиясы Азия аймағы үшін мұнай бағасын арзандатты

"Сауд Арабиясы Ресей, Иран және Иракпен Азия нарығындағы бәсекелестік аясында өткен аптада мұнай түріне байланысты оның бір баррелінің құнын шамамен 0,7 - 1,3 долларға арзандатты" деп хабарлады ТАСС агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

«Бұл Сауд Арабиясының Таяу Шығыс пен Еуропаның азиялық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін жасалған», - деді ақпарат көзі.

Екінші тоқсанда Сауд Арабиясы Үндістанға мұнай жеткізу бойынша Иракты алға жіберіп алды. Ирак бұл елге 11 млн тонна мұнай сатқан. Бұл корольдік көрсеткішінен 1 млн тоннаға артық, деп атап өтті басылым.

"ҚазАқпарат"