Фото: Halyqstan
Сәтбаев қаласында курьерге тапсырыс үшін сувенирлік ақша берілгені белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға туралы әлеуметтік желіде курьердің жұбайы жазба жариялаған.
Автордың айтуынша, оның жұбайы кешкі уақытта «Чемпион» дүкені маңына тапсырыс жеткізген. Тапсырысты алған жас қыз қолма-қол ақшамен есеп айырысқан. Алайда біраз уақыт өткен соң курьер екі 5 мың теңгелік купюраның жалған екенін байқаған.
«Ол мекенжайын беріп, өзі сол жерде күтіп алған. Кейін белгілі болғандай, ол ол жерде тұрмайтын болып шықты. Мұны басқа адамдарды да алдап кетпес үшін жазып отырмын», – деп жазады курьердің жұбайы.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша әзірге ресми арыз түспеген.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат негізінде Сәтбаев қалалық полиция бөлімі тексеру жұмыстарын бастаған.
