
Алматы метросының екі жаңа бекеті - «Сарыарқа» және «Достық» 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сарыарқа» мен «Достық» бекеттерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ұзындығы - 3,1 шақырым. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады. 2020 жылы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын «Қалқаман» бекетінің құрылысы басталды. Ол 2022 жылдың соңында пайлануға беріледі», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұған дейін шаһар басшысы Алматыдағы қоғамдық көліктің дамуы туралы айтқан болатын.
