06 ақп, 2024 сағат 10:29

Сарыағашта оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланды


Фото: stan.kz

Түркістан облысында бір мектепте 29 оқушы мен 10 мұғалім уланды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық білім беру басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, кеше 9-шы мектепте оқушылар мен мұғалімдер өзін жайсыз сезінген. Мектептің медбикесі шұғыл жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 29 бала мен 10 педагогты ауруханаға алып кетті.

"Олардың жағдайы жақсарғаннан кейін үйіне жіберілді. Қазіргі кезде 2 мұғалім ауруханада дәрігерлердің бақылауында қалып отыр", - делінген ресми хабарламада.

Барлық оқушы үш күнге қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Аудандық прокуратура тексерісті бастап кетті. Мектеп директоры мен оның орынбасарларына қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде дәл сол мектепте түсірілген видео тарады. Оқушылар екінші және үшінші қабатта терезе жуып жүр. Ал мұғалімдер ішін бояп жатқан. Олардың арасында жүкті әйелдер де болды.