28 ақп, 2017 сағат 09:35

Сәпиев: "Нұр Отан" партиясына өзім хат жаздым

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болғанына қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Сәпиевтің айтуынша, бұл шешім туралы ол ұзақ ойланған, ал бір тоқтамға келгеннен кейін "Нұр Отан" партиясына хат жазған.

"Менің кандидатурамды қолдаған үшін партияға алғысымды білдіремін. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері де қолдап дауыс берді. Оларға да алғысымды айтқым келеді. Бір әрдайым елге қызмет еттік. Спортшы болған кезде де, депутат болып та қызмет етеміз. Халық үшін, еліміздің дамуына үлес қосу үшін еңбек етеміз. Біршама жоспарларым да бар. Бірақ олар жұмыс барысына байланысты болады", - деп ойын айтты спортшы. 

Атақты боксшы алдымен жұмыс ретіне үйреніп алу керектігін айтады. Осыдан кейін ойдағы жоспарларын іске асырмақ.

"Алдымен жұмыс ретіне үйренісіп алайын, сосын мәселелерге көшемін. Негізінен бәрі түсінікті, бәрі анық - халыққа қызмет ету, тоқсан сайынғы сапарлар. Бәрі былай түсінікті. Біз спортшылар әрдайым тәртіп пен еңбекке үйренгенбіз, бұл қасиеттер жаңа жұмыс орнында маған қажет болады деп ойлаймын", - дейді Сәпиев.

Бүгін, 28 ақпанада Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде "Нұр Отан" партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданды. ОСК төрағасы Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс еткен болатын