26 мам, 2023 сағат 20:22

Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбайға пәтер кілттері табыс етілді

Фото: Facebook / Jenis Qasymbek

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында «алтын» алған спортшыларға пәтер кілттері табыс етілді.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды!

Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық.

Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр. Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!" - деп жазды Астана әкімі.