Фото: Pexels.com
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Шығыс Қазақстан облысында қазақстандық саңыраулар қоғамына қарасты "Шығыс" қорының жетекшісін алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол ымдау тілі мамандары арқылы мүгедектерге сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп, бюджеттен 115 млн теңгені жеке шотына аударғаны үшін айыпталып отыр.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды", – делінген ресми мәлімдемеде.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.
Бұған дейін Алматы облысында "Шаңырақ" ұйымының жетекшісі Алмасбек Садырбай 1,2 миллиард теңгені ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын.