06 сәу, 2017 сағат 17:17

Санкт-Петербургтегі терактіден зардап шеккендер саны 81-ге жетті

Санкт-Петербургтегі метродағы жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жетті, - деп хабарлайды L!FE. Үш адам аса ауыр халде, ал үшеуі ауыр халде жатыр. Қалғандарының жағдайы тұрақты деп бағаланады.

Осыған дейін, Санкт-Петербург метросында болған терактінің салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке жеткені хабарланды.

"Бүгінде қаза болғандар саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр", - деді Скворцова.

Айта кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынща Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін

kaz.tengrinews.kz