29 қар, 2016 сағат 14:07

Дәрмен Садуақасов: ҰӘҚ жаңа операциялық моделі нарықтық конъюнктура шарттарында компанияны белсендірек басқаруға мүмкіндік береді

«Стратегиялық бастамалар орталығы» тәуелсіз консалтингтік компаниясының аға серіктесі Дәрмен Садуақасовтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жаңа операциялық моделі нарықтық конъюнктура шарттарында компанияны белсендірек басқаруға мүмкіндік береді. 

«Қазір, мұнай бағасы арзандаған кезде, экономикада белгілі бір мәселелер бар. Оңтайландыру ең қолайлы шешім болып табылады. Мәлімделген трансформация бизнестің тиімділігін арттыруға таргеттелген, яғни ол бірінші кезекте ұйымдастырушылық моделін оңайлатуды талап етеді. Ағымдағы модель бүкіл құрылымды басқару үдерісін қиындатады» - дейді Дәрмен Сәдуақасов. 

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті трансформациялау шеңберінде ҚазМұнайГаз компаниясының жаңа операциялық моделі әзірленді, осыған сәйкес ҚМГ директорлар кеңесі арқылы активтерді басқарушы портфелдік инвестор тұжырымдамасынан біртіндеп бас тартады және өндірістік активтерді белсенді түрде операциялық басқаруға көшеді. Еншілес компаниялардың деңгейлер саны қысқаратын болады. Компания Statoil, Total, Petrobras тәрізді мұнай өнеркәсібінің әлемдік көшбасшыларына тән модель жасап шығаруды жоспарлап отыр. 

Жаңа операциялық моделге сәйкес субхолдингтер қызметтерін тоқтатады. ҚМГ корпоративтік орталығы — бірінші деңгей — стратегия, басқару және жоспарлаумен айналысады. Екінші деңгейде еншілес өндірістік бірліктер қалады. 

Анықтама үшін: «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасы негізгі үш мақсатты іске асыруды көздейді - қолданыстағы активтердің құнын арттыру, портфельді оңтайландыру және корпоративтік басқаруды жетілдіру. 

Алдын ала бағалау бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын іске асырудың сандық және сапалық пайдасының экономикалық тиімділігінің қаржылық баламасы алдағы бес жылда 1 трлн астам теңгені құрайды.