18 қаз, 2025 сағат 14:06

Салтанат Бақаева отадан кейін арықтап кеткен

Фото: Instagram.com

Әнші Салтанат Бақаева соңғы уақытта көпшілік тарапынан қойылған «қалай арықтадың?» деген сұрақтарға жауап беріп, өзінің салмақ тастау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның айтуынша, жақында тісіне ота жасалып, жара орны лескамен тігілген. Бұл тігістер ауыздың нәзік терісіне қатты батып, ауырсыну туғызған.

«Леска пышақ тыққандай болды. Соның салдарынан жарты аузым стоматит болып, 10 күндей тамақ іше алмадым», – деді әнші.


Салтанат Бақаева әзіл-шыны аралас:

«Сондықтан арықтаудың жалғыз жолы – тамақ ішпеу екен, қыздар!» – деп қорытындылады.


Желі қолданушылары әншінің шынайылығына күліп те, жанашырлықпен қарап та пікір қалдыруда.