26 шіл, 2024 сағат 11:55

Сахнада балағат сөздер айтқан әзілкеш Астанада қамауға алынды


Фото: Instagram/merkul_standup
Белгілі стендапер Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Астананың мамандандырылған ауданаралық соты әзілкештің ұсталғанын не үшін ұсталғанын баяндады. Әзілкеш залдағы қонақтарға "қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін" айыпталып отыр.

"Сот отырысында А.И.Меркуль өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, сотқа 2024 жылғы 7 маусымдағы видеода аты аталғандар мен балағат сөздер әзіл қойылым ретінде айтылғанын атап өтті", - деп жазылған сот үкімінде.