Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетуге таяу.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан отандасымыз Сәкен әлем чемпионатының алтын медалін америкалық Роско Хиллмен сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Бибосынов жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңген. Ал оның алдында өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан, үндістандық Дипактан, колумбиялық Ривас Мартинестен басым түскен.
Бұл - Қазақстан құрамасының Белградтағы әлем чемпионатында алған екінші алтыны. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанған еді. Одан бөлек Махмуд Сабырхан - күміс, Абылайхан Жүсіпов қола медаль еншілеген болатын.
1971 рет оқылды