Алматыда бақылау тобы қала тұрғындарының бірі шағымданған мейрамхананы тексерді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұған дейін бұл ақпаратты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа тікелей эфир кезінде тұрғын айтқан болатын.
"Бүгін мониторинг тобы осы нысанға барды. Шара тоқтатылды. Мейрамхана басшылығымен карантин талаптарының сақталуы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.