28 ақп, 2017 сағат 11:09

Сағынтаев жаңа жүйе туралы: Қарсыласқандар болса, қатаң тыйып отыру керек

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін енгізу туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Елбасы мемлекеттік сатып алу жүйесін әділ сынға алған. Жаңа жүйе қысқа уақытта жасалды, қазір пилоттық режимде іске қосамыз. Түсінікті, Абылай Исабекұлы (Мырзахметов) дұрыс айтады, бұл басқа жүйеге үйренген құрылысшылар үшін ауыр. Енді жүйені ауыстырамыз", - деді Сағынтаев.

Үкімет басшысы қаржы минисрі Бақыт Сұлтановқа істі бақылауда ұстауды тапсырды.

"Бақыт Тұрлыханұлы бастысы бұл пилоттық жоба жұмыс істеуі керек. Қарсылықтар болады деп ойлаймын. Ескі жүйеге оралу үшін пилоттық жобаны құлатуға тырысады. Мұндайды қатаң тыйып отыру керек. Комитеттегі адамдарыңыз да міндетін нақты орындауы қажет. Бақылауда ұстаңыз. Жыл соңына дейін жұмыс істейді, ал келесі жылы мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесіне толық көшу керек", - деп аяқтады премьер-министр.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында сатып алу жүйесін жетілдіруді шешуші мәселелердің бірі екенін айтқан болатын.