20 жел, 2016 сағат 10:08

Сағынтаев Үкіметтің жылдық қорытындысын жақсы бағалады

- Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетінің жылдық жұмысын жақсы бағалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Біздегі көрсеткіштер жаман емес. 2016 жылдың 11 айында жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,8 пайызды құрады. Жалпы, жылды бір пайыздық өсіммен аяқтаймыз деген үміт бар. Осыған күш салуымыз қажет. Негізінен, бюджеттің орындалуы бойынша да жағдай жаман емес",-деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Дегенмен, Сағынтаев бірқатар өңірлер бюджетті толық игермегенін де атап өтті.

"Бірқатар өңірлерде бюджетті игеру бойынша, кемшіліктер бар. Негізі, 11 айға қарағанда, жылдың қорытындысы жаман емес", - деді Үкімет басшысы.

Ұлт порталы