Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасының жобаларын қаржыландыру жоспарларын қайта қарауды тапсырды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жалпы 2016 жылғы бағдарламалардың негізгі шаралары атқарылғанын, сонымен қоса жыл қорытындысы бойынша белгілі игерілмеген қаражаттар бар екенін айтты.
Б. Сағынтаев өткен жылдың қыркүйегінде Үкімет отырысында бағдарламалардың әкімшілеріне уақытылы игеру мен жобалардың қатаң бақылауда іске асырылуы туралы тапсырма бергенін еске салды.
«Сондықтан да игерілмеудің негізгі себебі әкімдердің тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан деп есептеймін. Тағы бір мәселе – бөлінген қаражатты жоспарлау сапасы мен игерудің мерзімі. Қаржыландырудың екі жылдық жоспарында едәуір көлем екінші жылдың соңына қойылған, сол себепті мұны қалай ретке келтіруге болатыны туралы ойлану керек. Сондай-ақ, игерілмеу қауіпі бар шаралар бойынша қаражатты қайта бөлу ұсыныстарын енгізу қажет», - деді Б. Сағынтаев.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев министрлерге облыс әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулеріне қатысу үшін өңірлерді аралау кезінде міндетті түрде «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі нысандарының құрылыс барысымен танысып, өз есептерінде сол туралы атап өтуді тапсырды.
2017 жылы «Нұрлы жол» аясында 4 мың шақырымнан астам жол салынып, қайта жөнделеді
Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп жатыр, отырыс барысында 2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу қорытындылары мен биылғы жылға жоспарланған жұмыстар қарастырылуда.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек 2017-2019 жылдары автожол саласында 1,7 трлн. теңге сомасына ұзындығы 4,4, мың шақырым қамтылатын 23 жобаны жүзеге асыру қарастырылғанын баяндады.
Бөлінген қаражат есебінен 7 өтпелі жобада - Астана-Қарағанды, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Орталық-Батыс, Қапшағай-Талдықорған, Астана Петропавл және Орал-Каменка бойынша жұмыстар жалғастырылады, жыл қорытындысы бойынша 602 шақырым жолда жұмыстарды аяқтауда жоспарлануда.
Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын 8 жаңа жобаны бастау жоспарлануда. Ұзындығы 2 184 шақырым болатын тағы 8 жобаны қаржыландыру халықаралық қаржы институттарының займдары есебінен қарастырылған.
Жалпы, биыл 4,4 шақырым жолды салып, қайта жөндеу және оған 100 мыңға жуық адамды тарту көзделіп отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй құрылысы мәселелері де қарастырылған. 2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымына 400 млрд. теңге бөлінген, ол жалға берілетін, несиеге берілетін және коммерциялық тұрғын үйлерді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларын несиелендіруге бағытталды.
Соның нәтижесінде 2016 жылы 8,3 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтылды (478 мың ш.м.), 2017 жылдың соңына дейін аталған қаражат есебінен қосымша 33,8 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Аталған мәселелер одан әрі де «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.
2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының арқасында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының арқасында 2016 жылы 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.
ҚР ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына оң бағасын бергенін баяндады. Бүгінде бағдарлама автожол, тұрғын үй құрылыстарына, сонымен қатар әлеуметтік салаға зор серпін берген экономикалық өсімнің негізгі локомотиві болып табылады.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2016 жылы 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жыл қорытындылары бойынша мақсатты трансферттердің 469,6 млрд. теңгесі немесе ол 99% игерілді. Толық игерілмеу жайттары негізінен мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеулермен байланысты.
Көлік жолдары саласын дамытуға 2016 жылы 151,3 млрд. теңге бөлінген, қаражат толық игерілді. Бөлінген қаражат есебінен 611 шақырым автожолда құрылыс-жол жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Астана – Петропавл бағыттары бойынша көлік қозғалысы ашылды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылады.
Логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 56,4 млрд. теңге бөлінді, оны квазимемлекеттік сектор толық игерді.
Мәселен, бөлінген қаражат Астана әуежайының жаңа терминалының, ішкі инженерлік желілердің құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстарын аяқтауға, сонымен қатар технологиялық жабдықты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар өткен жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы «ҚТЖ ҰК» АҚ жүзеге асыратын ең ірі нысандардың іске қосылуына рұқсат берді. Онда Алматы-Шу учаскесінде екінші теміржол жолдарының және Құрық портындағы паром өткелінің құрылысы қамтылмақ, бұл Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетіне оң ықпалын тигізіп, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне шығуына жол ашады.
Сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарында тұрғын үй құрылысы нысандарына коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілуде, 2 208 шақырым инженерлік желілері салынды. Сондай-ақ «БЖК 2020» аясында кәсіпкерлік нысандарына жеткіліксіз инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2016 жылы 35 бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 77 ШОБ субъектілеріне инфрақұрылым жүргізілді.
Мемлекеттік бағдарлама аясында білім беру саласында инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген, атап айтқанда 2018 жылға қарай апатты және үш ауысымда оқытатын мектептерді толық жою көзделген. Қазір 52 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 35 мектеп пен 17 балабақша бар.
"Ұлт ақпарат"