Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев саудадағы «қосымша құн салығын» «саудадан алым» салығына алмастыруға қатысты үкіметтің ұстанымын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біздің ұстанымымыз – Қазақстанда саудадан алым алудың қажеті жоқ», – деді Үкімет басшысы «Атамекен» Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төралқасының кеңейтілген отырысында.
Бақытжан Сағынтаев бұл мәселе шетелдік кеңесшілердің қатысуымен үстіміздегі жылдың басынан бері талқыланғанын, аталған тарап саудадан алым алудың тиімсіз екеніне Үкіметтің көзін жеткізгенін тілге тиек етті.
«Біз пікірлесіп, ортақ түсінікке келдік. Соңғы өткен кеңесте әріптестерімізбен бірге мемлекет басшысына түйінімізді айттық. Мемлекет басшысы «Егер солай деп санасаңыздар, ендеше шешім қабылдаңыздар», деді», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.