ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанда көмір химиясы саласын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Үкімет отырысы барысында Қазақстанның көмір химиясы саласының жай-күйі туралы есеп, сондай-ақ оны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар тыңдалды.
ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовты, Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібековті, Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының директоры Н.Радостовецті, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Р.Сулеймановты, Көмір химиясы және технологиялары институтының директоры Б.Ермағамбетовты тыңдады.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин осы саладағы, оның ішінде көршілес елдердің нарықтарында орын алып отырған құбылыстарды ескеру қажеттігін атап өтті.
«Бізге жаңа нарықтар бойынша қарау керек, осыған байланысты жаңа логистика, тиімді логистикалық шешімдер, мұның бәрі экспорттық әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз үшін жұмыс істеуі тиіс», - деді А.Мамин.
Осы орайда, Премьер-Министр А.Маминге аталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп, бұл жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ Б.Сағынтаев көмір өндірілетін орындарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне назар аударуды тапсырды.
"Ұлт ақпарат"