14 там, 2020 сағат 21:25

Сағынтаев «Қазақфильмдегі» өрттің шығу себебін анықтауды тапсырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильмде» өрттің шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақфильмде» өрт шықты. 400 шаршы метрді құрайтын өрттің бірінші ошағы сағат 23: 10-да ауыздықталды. Өрттің екінші ошағы 200 шаршы метрді құрайды. Ол сағат 23: 26-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 53 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Өрттің салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментіне қанша шығын келгенін және өрттің шығу себебін анықтауды тапсырдым«, - деп жазды әкім Twitter парақшасына.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.