Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қайрат» ФК командасы мен жаттықтырушылар штабын футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қайрат» ФК командасы мен жаттықтырушылар штабын футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болуымен құттықтаймын! Көптен күткен бұл жеңіс Алматы үшін мақтаныш! Жеңіске жету бар да, оны сақтап қалу бар. Күш-қуат пен сәттілік серіктерің болсын!», – деп жазды әкім Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгін «Қайрат» 16 жылдан соң Қазақстан чемпионы атанды.
Соңғы рет алматылықтар 2004 жылы елдің үздік командасы атанған еді.