02 қыр, 2021 сағат 19:15

Сағынтаев: Алматыда мемлекеттік қызметтердің 98 пайызы автоматтандырылған


Мегаполис активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған цифрландыру мен ІТ саласын дамыту жөніндегі міндеттердің шешімі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразия аймағы орталық цифрлық хабқа айналуы керектігін атап өтті. 

«Алматы бұл міндетті жүзеге асыруға өз үлесін қосуы тиіс. Оның үстіне, өздеріңіз білесіздер, экономика саласы ретінде цифрландыруды дамыту – қала экономикасының құрылымын диверсификациялау жөніндегі бағыттың стратегиялық басымдығы», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінде Алматыда мемлекеттік қызметтердің 97,8% автоматтандырылған. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметтерді смартфонмен электронды форматта ұсыну бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

«2025 жылға дейін Smart Almaty стратегиясы әзірленді, қаладағы барлық ІT-компаниялардың тізімі жасалды», - деді Алматы әкімі.

Алматыдағы IT-қауымдастықты қолдау және дамыту үшін қаланың барлық университеттері мен технологиялық компанияларын біріктіретін бірыңғай байланыс кеңістігі іске қосылды. Жыл соңына дейін «Француз мектебі 01 үлгісінде» 2 мың адамға арналған лицензиясы бар бағдарламалау мектебін ашу жоспарланған. Алғашқы кездесу келесі жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматының әр ауданында жеке инвестицияларды барынша тарта отырып, бағдарламалау, радиоэлектроника және ІТ-инкубаторлар мектептерін ашу көзделген.