#
#
Бейсенбі 28/01/2021

Сағынтаев Алматыда ағаштардың заңсыз кесілуін өз бақылауына алды

  • 24.11.2020
  • 0
  • 154

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Төле би көшесінде 13 ағаштың заңсыз кесілуіне қатысты оқиғаны өз бақылауына алды.

Әкім бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

«Бұл өрескел оқиға Президент пен қоғамның наразылығын тудырды. Қала әкімдігі ағаш кесуге рұқсат берген жоқ. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшері есептеледі.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз ағаш кескені үшін ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады. Іс Алмалы ауданына қарасты полиция басқармасының қарауына берілді. Алматы ПД бастығы Қ.Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз ету, кінәлілерді анықтау және жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Қазіргі уақытта сауда үйінің жанындағы аумақты «Arena S» ЖШС-ға қарасты (Sulpak) ЖК «Сакура» мен «Бурибекова» мердігерлерінің абаттандырғаны анықталды. «Сакура» ЖК-ның басшысы ҚР ӘҚБтК 437 бабы бойынша түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», - деді Алматы әкімі.

Еске сала кетсек, 23 қарашаға қараған түні Алматыда сауда үйінің жанында (Әуезов-Төле би көшелерінің қиылысы) жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді. «Қазір аудан әкімдігі мен Полиция департаменті кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айыпты тұлғалар анықталған соң Полиция департаменті оларды жауапкершілікке тартады. Толығырақ ақпаратты анықтау жұмыстары аяқталған соң жариялаймыз», - деп мәлім еткен болатын қала әкімдігінен. 

Кейін Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуінің мән-жайын анықтады.

Бұл жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар