- Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы соңғы отырысын өткізген Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне Жаңа жылды халық жылусыз қарсы алып жүрмесін деген ескерту жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Құрметті әкімдер! Өңірлеріңіздегі жылу жүйесіне сіздер тікелей жеке жауапты екендеріңізді естеріңізге саламын. Бұны үнемі айтып жүрміз. Баяндамаларыңызды да тыңдап жүрміз. Дегенмен, жылу желісінде әртүрлі апаттар болып тұрады. Бірақ, бәрін бақылауда ұстау керек. Ең бастысы, Жаңа жыл мерекесінде халықты жылусыз қалдырмайық. Халық Жаңа жылды жылы үйінде қарсы алғысы келеді. Сондықтан, жылу беру маусымының ойдағыдай өтуі үшін дұрыс жағдай жасайық. Әсіресе, мереке күндері» деген Сағынтаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жеке тапсырма берді.
«Энергетика министрлігіне жылу электр станцияларындағы, қазандықтар мен жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отынның қорын бақылауды тапсырамын», - деді премьер.